
5 қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

5 қыркүйек күні қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының Тілдер күніне орай 10 және 11-сынып оқушыларының қатысуымен "Үш тіл-бір әлем" тақырыбында танымдық және шығармашылық тіл байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді және еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл мәдениетін дамыту болды.

Байқау кезеңдері:

1 кезең- Блиц-сұрақ;

2 кезең-Аудармашылар сайысы;

3-кезең -Әдеби блогер;

Сайыс барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап берді, мәтінді 3 тілге аударды және берілген сурет бойынша инстаграмм парақша ашып, блогтың жүргізілуін плакатта бейнелеп көрсетті. Блогтың жүргізілуінде тіл мәртебесі туралы айтылды.

Байқау шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздар және тәтті сыйлықтар мен марапатталды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдықпен қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән ұстаздары.
https://www.facebook.com/share/v/19VYA5gkBY/