«Taза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Жасыл әлемді бірге құрайық» экологиялық акциясы
Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру, жасыл желекті көбейту арқылы қоршаған ортаны сақтау мәселесіне назар аударту, жас буынды табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл әлем құру идеясын кеңінен насихаттау мақсатында «Жасыл әлемді бірге құрайық» экологиялық акциясы ұымдастырылды.
2025 жылдың 18 сәуір күні «Taза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Жасыл әлемді бірге құрайық» атты экологиялық тәрбие акциясы өтті. Акцияға 7"Ә" және 7"Б" сыныптарының оқушылары белсене қатысты. Акция аясында оқушылар жетекшілерінің жетекшілігімен тұқым егу жұмыстарын жүргізді. Жетекшілері биология пәні мұғалімдері Н.Д. Ауганбаева, Д.Н. Төлепбергенова