«Саптық» байқау және «Әскери патриоттық ән айту» байқауы

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елжандылықты насихаттау, сондай-ақ тарихи мұраны ұмытпай, жауынгерлік рухты дәріптеу, Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрін, Отанға деген сүйіспеншілігін насихаттау, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін үлгі ету, Кеңес Одағының Батыры Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін жастарға таныту, оқушылар мен жастар арасында саптық дайындық пен ән айту арқылы әскери тәртіпті, жауапкершілікті дамыту, әскери-патриоттық әндер арқылы ұлттық рухты көтеру және шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында 7,8,10 сыныптары арасында «Саптық» байқау және «Әскери патриоттық ән айту» байқауы ұйымдастырылды.

Патриоттық іс-шараға «Жамбыл облысының Интернационалист-жауынгерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізбасаров Керім Мақанбетұлы және Төраға орынбасары Төртбаев Марат Әсілбекұлы шақырылды.

Байқау нәтижесінде 10 «Ә» сыныбы Басжүлде, 7 «А», 10 «А» сыныптары І орын, 8 «Б», 10 «Б» сыныптары ІІ орын, 8 «В», 8 «А» сыныптары ІІІ орынды иеленсе, 7 «Ә», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г», 7 «Д», 8 «Ә», 8 «Г» сыныптары арнайы дипломдармен марапатталды.
Ұйымдастырған: ДТІЖО Колдасова Л.С.
АӘД пән мұғалімі: Ноғайбаев Қ.Х.
https://www.facebook.com/share/v/16fQ8rMGZp/