05
июнь
2025
«Оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер-педагогтің пратикалық іс- тәжірибесі» тақырыбында, Жамбыл облысы білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен онлайн әдістемелік алаңы жұмысын өткізді.
05.06.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық педагогикалық тәжірибе алмасу, «Оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер-педагогтің пратикалық іс- тәжірибесі» тақырыбында, Жамбыл облысы білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен онлайн әдістемелік алаңы жұмысын өткізді.
Оның мақсаты, педагогтер арасында озық білім беру тәжірибелері мен оқыту әдістерін алмасуға арналған тиімді алаң құру. Білім беру процесіне білім сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеруге бағытталған инновациялық тәсілдерді енгізу.
Әдістемелік алаңға облыстың әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтары педагогикалық тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасып, диалог пен тәжірибе алмасуды ұйымдастырды, оқытуда инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың сәтті мысалдарын ұсынып, өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Осы мақсатта №34 орта мектеп педагогтары, құқықтану пәнінің мұғалімі Турлыбекова Р.М және педагог-психолог Камалова Д.И. «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі: заңнамалық база және психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында дайындаған авторлық бағдарлама құрылымы бойынша дайындаған презентациясымен таныстырып шықты.

