18
январь
2023
🔰«Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма құрастыру ерекшеліктері» атты семинар
✅2023 жылдың 18 қаңтарында мектебімізде педагогтардың әлеуеті бағытындағы оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету бойынша «Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік көмек ретінде «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институының» инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар кафедрасының оқытушылары Кошкимбаева Жанар Сыйхынбаевна, Есмырзаева Аманкуль Орынбаевна және Аманова Гульхан Сабырхановна оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында Ж.Кошкинбаева «Оқытуда дифференцацияны ұйымдастыру практикасы» тақырыбында тренинг, Г.Аманова Функционалдық сауаттылық: оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар құрастыру және А.Есмырзаева «Функционалдық сауаттылық: шығармашылық ойлау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыптарында тәжірибелік жұмыс жүргізді. Семинар өте мазмұнды болды және қатысушы оқытушылар семинар барысында ерекше белсенділік танытты.