
2025 жылғы 17 маусым күні мектеп жанындағы «Достық» жазғы демалыс лагерінің 2-маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсімі «Алақай, жаз келді!» атты концерттік бағдарламасымен басталды.

Шараның мақсаты - балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынас орнату, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу, сонымен қатар жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Лагерьдің ашылу салтанаты ән, би, өлеңдер және түрлі ойын-сауықтық нөмірлермен басталды. Балалар жаз туралы тақпақтар айтып, арнайы дайындалған музыкалық қойылымдар көрсетті. Ән мен биден құралған мерекелік бағдарламаға лагерь топтары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

«Алақай, жаз келді!» концерттік бағдарламасы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұжыммен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Лагерьдің 2-маусымы осындай көтеріңкі көңіл-күймен басталып, балалардың жазғы демалысының қызықты әрі пайдалы өтуіне негіз қалады.
https://www.facebook.com/share/v/151crnstXs/