Мектеппен қоштасу – жаңа бастаманың бастауы! » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеппен қоштасу – жаңа бастаманың бастауы!
07
август
2025

Мектеппен қоштасу – жаңа бастаманың бастауы!

📚📚📚2025 жылдың 19 маусым күні мектебіміздің жас түлектеріне аттестат табысталып, өмірлерінің жаңа парағы ашылды. Бұл — жылдар бойы төгілген тер мен еңбектің, білім мен шыдамның жемісі. Әрбір түлек үшін бұл күн – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәт. 
Алтын белгі иегерлері: Куанышбаева Зауре, Машанло Сафия
Үздік аттестат иегерлері: Қалмахан Ғазиза, Шувазов Тимур
🎓🎓🎓ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕКТЕР!
Алда сіздерді үлкен белестер, жаңа мүмкіндіктер мен биік армандар күтіп тұр. Өз жолдарыңызды сенімді, адал әрі мақтанышпен жалғастырыңыздар! Сіздерге зор табыс, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!
Армандарыңыз орындалып, әрдайым биіктен көріне беріңіздер!
🔰Ұстаздарымызға – берген білімі мен тәлімі үшін,
🔰Ата-аналарға – қолдауы мен тәрбиесі үшін үлкен алғыс!
🔰Ұлттық білім беру жүйесінде осындай сапалы білім беру арқылы ұлт игілігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан, 50 жылдық тарихы бар Тараз қаласы №34 орта мектебі білімнің алтын ұя шаңырағы бүгінде 50 түлегін қанаттандырып, жаңа өмір жолына самғатпақ.
🔰Мектеп директоры Ботамкулова Салтанат Батырбековна жас түлектерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар – деп ізгі лебізін білдірді!








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив