27
декабрь
2023
2023 жылдың екінші жартыжылдығын қорытындылай келе ең алдымен өз ұжымыма жаңа оқу жылының басталуына дайындық бойынша атқарылған жұмысы үшін алғыс айтқым келеді.
Қазір көп адамдар «ТИМБИЛДИНГ» деген сөзді қолданады.Шынымды айтсам, айтқым келмейді. АУЫЗБІРШІЛІК деген өзіміздің қазақи құндылықтың арқасында талай жұмыстар атқарулуда. Білім күніне орай күрделі жөндеуден өткен мектебіміздің есігін ашқанымыз да соның арқасы еді.Жаз айлар оңай болған жоқ,барлықтарымыз бір үлкен тату отбасы болып жұмыс істедік. Сол алғашқы оқу күні балалардың шаттыққа толы көздерін,ата-аналардың күлкісін көрсеңіздер. Мектебіміз жарқырап жаңартып кетті,жаңа жиһаздар берілді,мектептің іші жылынды. Оқушыларымызға жақсы жағдайы жасалған үшін білім басқармасына және қалалық білім бөліміне алғысымызды айтамыз. Балаларымыздың жетістіктері көп болып,Еліміздің болашағы жарқын болсын!







