
Мақсаты:

ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтау;

зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тану және дабыл сигналдарына сай әрекет ету бойынша дайындығын қалыптастыру;

Міндеттері:

зорлық-зомбылықтың түрлері және оның салдары туралы ақпараттандыру;

баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәні, оның түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) және баланың дамуындағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту;

баланың зорлық-зомбылықты тану және анықтау қабілетін, ересектер мен сенімді қарым-қатынас болмағанда бас тарту дағдыларын, зорлық-зомбылықтың салдарына саналы көзқарасын қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдерді үйрету;

баланың өзін қалай қорғай алатынын және балаға қатысты зорлық-зомбылыққа күдік туындаған кезде ата-ананың қалай әрекет ету керектігін талқылау;

баланың жеке шекарасы қалай қалыптасатынын түсіндіру;

ата-аналарға баланың үйдегі, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздігіне қалай үлес қоса алатынын көрсету.

Күтілетін нәтиже:
Ата-аналар:

зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы ретінде балаларды жеке қауіпсіздікке үйретудің маңыздылығын түсінеді;

зорлық-зомбылықтың тәуекелдерін және олардың көздерін (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) бағдарлай алады;

жеке қауіпсіздіктің формаларын (физикалық, психикалық, ақпараттық, эмоционалдық, коммуникативтік) бағдарлай алуды үйренеді;

баланың жеке шекарасын сақтаудың және ол бұзылған
жағдайда дұрыс әрекет етудің қарапайым және қолжетімді тәсілдерін меңгереді.
