18
март
2025
🔰Ағымдағы жылдың 18 наурызында Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу жоспары негізінде Тараз №6 Қалалық емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың қауіпсіздігі үшін қоғамның жауапкершілігін арттыру.
- Медицина қызметкерлерінің зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы рөлін түсіндіру.
- Әр түрлі зорлық-зомбылықтың белгілерін анықтау және оған дер кезінде көмек көрсету жолдарын үйрету.
Міндеттері:
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру.
- Медицина қызметкерлерінің балаларды қорғау жүйесіндегі рөлі мен міндеттерін талқылау.
- Балалардың денсаулығына қауіп төндірмейтін орта қалыптастыру үшін профилактикалық шараларды ұйымдастыру.
Қатысуышылар: 8-10 сынып оқушылары
Ұйымдастырушы: Психологиялық қызмет

