23
октябрь
2025
🔰«Менің Қазақстаным» - Гимн орындау, ұлттық киім кию, ұлттық тағамдарды таныстыру челленджі
«Менің Қазақстаным» атты сыныптан тыс іс-шара – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және мәдени байлығын дәріптеуге арналған шығармашылық сипаттағы челлендж. Шара барысында оқушылар:
•
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, елге деген патриоттық сезімдерін білдіреді;
•
Ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттайды;
•
Ұлттық тағамдарды таныстырып, олардың шығу тарихы мен маңызын баяндап, ұлттық асхана құндылығын көрсетеді.
•
Оқушылар мен жастардың патриоттық сезімі күшейеді;
•
Ұлттық мәдениет пен дәстүр кеңінен насихатталады;
•
Цифрлық ортада оң имидж қалыптасады және шығармашылық белсенділік артады.
Оқушылар өз елінің мәдениеті мен тарихын тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін нығайтуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырған 3 «А» сынып жетекшісі: Бейсенова С.А.
https://fb.watch/DJaloWI4l_/
https://www.facebook.com/share/r/1HLY4FQk7u/