03
июнь
2022
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.



«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. №34 орта мектебінде рәміздер күніне арналған арнайы салтанатты жиын өткізілді. 4 маусым- мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерді қолдай берейік. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!






