14
декабрь
2022
"Жомарт түлек" жобасы аясында "Табысты өмір негізі" тақырыбында 9 жыл бұрын мектепті бітірген мектеп түлектері Юлдашева Әсел мен Юлдашева Айданамен кездесу ұйымдастырылды.
Әсел заңгер, қаржыгер, фрилансер мамандығы бойынша инвестициялармен айналысады. Қазір уақытта декреттік демалыста, бірақ бұл оның әрі қарай білім алуына және өзін-өзі дамытуына кедергі болмайды. Айдана-лингвист аудармашы, фрилансер, сонымен бірге өзінің блогын жүргізеді. Кездесу 9 сынып оқушыларымен өткізілді. Кездесуде оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Әсел мен Айдана тығыз жұмыс кестесіне қарамастан кездесуге уақыт бөлді. Олар қазіргі жастардың қымбат уақытын ысырап етпеуін, тек өздерін ғана емес, жалпы болашағымызды дамыта отырып, қажетті және пайдалы іспен айналысуларына кеңес берді.






