«Достық дастарханы» » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2022

«Достық дастарханы»


🔰Аналар мектебі аясында «Асыл аналар» клубының іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласы ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалия Орынбайқызы, ата-аналар және мектеп оқушыларының (қыз балалар) қатысуымен еркін форматта «Достық дастарханы» атты ана мен қыз бала арасындағы тәрбие ізгілігіне арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: білім ордасында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» демекші еліміздегі өзге этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын жаңғырту, басқа ұлттарға қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлерін дәріптеп, оны өскелең ұрпаққа – жас қыздарға насихаттау, халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру, жастарды достық қарым-қатынаста болуға баулу. 
♻️№34 орта мектебінде түрлі ұлт өкілдері білім алады. «Достық дастарханы» шеберлік сағатында біздің білім ордасында білім алып отырған ұлт өкілдерінің яғни ана мен қыз арасындағы тәрбиелік мәдениетті ұштастыру үшін ұлттық тағамдарының дайындалуын, әзірленуін аналары қыздарына көрсетіп, үйретті. Шеберлік сағатында мектеп оқушылары қызығушылық танытып, өзі орыс ұлты болса да мемлекеттік тілді еркін меңгерген  Казаченко Зинаиданың әзірлеген тұшпараларын түйіп үйренді. 
♻️Қыз баласын қалай тәрбиелеу керек, дастарқан басында шәйді қалай құйып, оны қалай және кімге бірінші ұсыну керек екені туралы мектебіміздің қамқоршылқ кеңесінің төрайымы Берікбаева Зарина Нұрланқызы көрсетіп, түсіндіріп айтып берді. Әр ұлт өкілдері өзінің дәстүріне сай тағам әзірлеп, қыз бен ана болып іс-шараға қатысқаны үшін директордың арнайы алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға белсене атсалысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив