20
февраль
2023
🔰«Зияткерлік тәрбие» бағыты бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында 4 «В»,«Д» сыныптарында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, шығармашылық ізденіске баулу, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Ойында «Бәйге», «Полиглот», «Білім турнирі», «Эссе турнирі», «Финал» (соңғы кезең) атты 5 кезең бойынша оқушылар бақ сынасты. Сынып жетекшілер: Ф.Н.Нурахунова, М.Т.Арипова.














