Мектеп тарихы » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2018

Мектеп тарихы

мектеп тарихымектеп тарихы



Өткенді білмесең, болашағың жарқын болмас

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім», -деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы Солнечный кентінде №34 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіндік даму тарихы бар киелі ордасы.
1696 жылдан бастап сегізжылдық М.Горький атындағы Жамбыл аудандық мектебі, 1974 жылдан бастап орта мектеп ретінде шаңырақ көтерген мектебіміздің өзіндік даму, өркендеу тарихы бар. Шолпанов Ағабек Шолпанович мектептің ашылуынан бастап 1980 жылға дейін мекемені басқарған. Оның жолын одан кейін Ромза Евдокия Яковлевна жалғастырды.
Солнечный кентінде халық санының өсуі байланысты жаңа мектеп ғимаратын салу проблемасын қойды.
1990 жылы бас құрылыс басқармасының бұйыртпасы бойынша қазіргі мектеп ғимаратының іргетасы қалана бастады.
Мектеп құрылысын ГРЭС бригадасы жүргізді.
1990-1991 оқу жылы жаңа ғимаратта басталды, бұл 680 оқушыға арналған, типтік жобамен салынған үш қабатты білім ордасы болатын.
Мектепті басқару жұмысында біраз азаматтар лайықты қызметтер атқарған. Осы ғимаратта салдыруда, оны жабдықтауда сол кездегі мектеп директоры Мухитова Г.Б ерен еңбегін, оның ұйымдастырушылық қабілетін үлкен құрметпен еске аламыз.
2005 жылдан бастап 2016 жылға дейін мектеп директоры Даузова С.М оқу процесіне қатты назар аударып, ұжыммен бірге оқушылардың білім сапасын көтеріп, мектепті жақсы жағынан көрсетті. 2016 жылдан бастап мектепті Д.Х.Нуралиева басқаруда.
Қазіргі таңда әртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан, еңбек етіп жүрген және мектеп партасында білім алып жатқан шәкірттеріміз мектеп тарихының жарқын беттерін алтын әріптермен жазылатын тың оқиғалармен толтыра түсетініне сеніміміз мол. Соңғы жылдары мектептің педагогикалық ұжымы ақпараттық технологияларды белсене меңгеріп, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда. Мектепте екі компьютер сыныбы және мультимедиялық сынып бар. Информатика және мультимедиалық кабинеттердің мүмкіндіктері жан-жақты қолданылады. Мектепте электрондық оқулықтармен, мультимедиалық кабинеттің мүмкіндігі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ғылыми жоба материалдарын іздеу барысында, олимпиадаға дайындық, ҰБТ-ке дайындық, ЖОО-на түсуге дайындық кезінде, электрондық пошта арқылы ғылыми-практикалық конференция материалдарын, тапсырыстарды жіберуде, сырттай мектептің тапсырмаларын жіберуде қолданылады. Соңғы жылдағы қолданылған мүмкіндік дистанцияалық оқу болып табылады.Интернет жүйесін оқушылар мен мұғалімдер ғылыми жоба материалдарын іздеу барысында пайдаланады.

Мектепте барлығы -30 оқу кабинеті бар. Мектепте -80 жоғары, 7- арнаулы орта білімді барлығы -87 мұғалім жұмыс істейді.

Мекеменің ведомстволық архивіне арналған бөлме бар,ауданы 8 шаршы метр, ондағы құжаттар арнайы металдан жасалған стеллаждарда сақталады. Құжаттардың жай-күйі «қанағаттанарлық», бүгінгі күнге құжаттардың жоғалуы жергілікті атқарушы органның келісімінсіз жою фактілері анықталған жоқ.


Мұғалімдердің сапалық құрамы: 87
Жоғарғы санатты: 21
Бірінші санатты: 16
Екінші санатты: 19
Санаты жоқ: 31
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив