29
декабрь
2023
🔰28.12.2023 жылы Тараз қаласы №34 орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларына ПБ 2-ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты А.К.Абдралиев, ә
ДҚТІЖО З.Ә.Умбетбаева, тарапынан – Мектепке алып келуге тиым салынған заттарды анықтау, оқушылар арасында демалыс және мереке күндерінде құқықбұзушылықтан аулақ болу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектепке алып келуге тиым салынған заттарды анықтау нәтижесінде тиым салынған заттар анықталынған жоқ. Демалыс және мереке күндерін тиімді өткізіп құқық бұзушылықтарға /төбелес, ұрлық, ақша бопсалау, пиротехникалық заттарды пайдалану/ жол бермеу туралы айтылды.
Сонымен қатар заң тармақтарына шолу жасалынды.
