28
май
2024
🔰2024 жылдың 24 мамырында Тараз қаласы √34 орта мектебінде "Су айдындарындағы қауіпсіздік және алғашқы медициналық көмек" тақырыбында Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен дәріс және практикалық іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жазғы шомылу маусымындағы судағы төтенше жағдайларды болдырмауына тиісті іс-шаралар қабылдау. Талас өзенінде шомылуға рұқсат етілмегенін түсіндіру.
Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары.
Барысы: ТЖ басқармасының қызметкерлері тарапынан оқушыларға шомылу маусымындағы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы іс-қимыл, өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Практикалық іс-шаралар Талас өзенінің бойында өткізілді. Суға кеткен адамды құтқару, алғашқы көмек көрсету , құтқару құралдарын пайдалану туралы көрсетіп түсіндірілді. Рұқсат етілмеген су айдындарында, тоғандарда шомылған жағдайда ата-аналары Әкімшілік жауапкершілікке тартылатдығы ескертілді.
https://fb.watch/sl7mPDWO11/