05
декабрь
2024
🔰 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы іске асырылуда.
Жоспарға сәйкес 2024 жылдың 11-15 қараша аралығында «Кибербуллинг зардаптары. Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу» апталығы өткізілді.
Апталық аясында жоспар құрылып арнайы дәрістер мен тренингтер өткізілді. Кибербуллингтің алдын алу бойынша ақпараттық сағаттарда мәліметтер мен бейнемазмұндар ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға интернеттегі тәртіп, жеке деректерді қорғау және анонимді түрде жасалатын қылмыстарға қарсы тұру жолдары туралы кеңестер берілді.
Бұл апталықтың мақсаты – жастарды онлайн алаяқтықтар мен зорлық-зомбылықтан қорғау, әлеуметтік желілерде дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

