
Білім беру ұйымдарында түрлі себептермен педагогтер мен ата аналардан жөндеу жұмыстарының кез келген түріне, абаттандыруға, оқу материалдарына, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, мерекелік іс-шараларға және басқа да заттарға ата-аналардан қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынады. Қаражат жинауға тыйым салу туралы барлық білім беру ұйымдарында бұйрықтар шығарылып, онымен барлық қызметкерлер қол қою арқылы таныстырылғанын ескертеміз.

Егер сізде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты дәлеліңіз белгілі болса, аталған мекемені көрсете отыра сенім телефондарына 54-93-92 хабарласа аласыз немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз