Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың
Поэзияның қырымен сырын түсіндіру, ақынның поэзиялық жырларынан рухани нәр алу мақсатында 5 «А», «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші өтілді. Поэзия кешінің шымылдығы ақынның "Менің анкетам" өлеңімен ашылды. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін, жырларын оқып, "Сарыжайлау" әнін орындады. «Жетімдер үні» өлеңі желісімен жанды ерекше тебірентер қойылымы көңілдерді елжіретті. Сынып жетекшілер: Буканбаева Э.Т., Нысанбаева А.М.