«Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге» ақ бауырсақ мерекесі
Көрісу күні – елді береке мен бірлікке бастайтын мереке. Наурыз қарсаңында бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіру ежелден қалыптасқан дәстүр. 14-наурыз Көрісу күні қарсаңында «Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге» ақ бауырсақ мерекесі атап өтілді. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрісу мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық нақышта киінген оқушылар таңертеңнен бір-бірімен төс қағыстырып амандасып, баршаны