Алтын белгі иегерлері: Куанышбаева Зауре, Машанло Сафия
Лучший аттестат иегерлері: Қалмахан Ғазиза, Шувазов Тимур
Алда сіздерді үлкен белестер, жаңа мүмкіндіктер мен биік армандар күтіп тұр. Өз жолдарыңызды сенімді, адал әрі мақтанышпен жалғастырыңыздар! Сіздерге зор табыс, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!
Армандарыңыз орындалып, әрдайым биіктен көріне беріңіздер!

Ұстаздарымызға – берген білімі мен тәлімі үшін,

Родителям – қолдауы мен тәрбиесі үшін үлкен алғыс!

Ұлттық білім беру жүйесінде осындай сапалы білім беру арқылы ұлт игілігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан, 50 жылдық тарихы бар Тараз қаласы №34 орта мектебі білімнің алтын ұя шаңырағы бүгінде 50 түлегін қанаттандырып, жаңа өмір жолына самғатпақ.

Мектеп директоры Ботамкулова Салтанат Батырбековна жас түлектерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар – деп ізгі лебізін білдірді!