«Буллингтен қорған!» жобасы
Қыркүйек–қазан айлары №34 орта мектеп «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған!» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде оқушылар арасында «DosbolLIKE» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары, сауалнамалар, тренингтер мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. «Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз», «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыптарындағы іс-шаралар арқылы балаларға өзара сыйластық, эмпатия және құрдастармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениеті түсіндірілді.