15
December
2025
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында рейд жүргізілді
Тараз қаласы №34 орта мектебі және 2-ПБ учаскелік инспекторы мектеп маңындағы 4 дүкенге рейдтік тексеру жасады. Тексеру нәтижесінде темекі, алкоголь және оқушылардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін кейбір өнімдердің сатылып жатқаны анықталды.
Сатушыларға заң талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандарға темекі, алкоголь, электронды темекі және пиротехникалық өнімдерді бермеу керек екені қатаң ескертілді.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастырады.
https://www.facebook.com/reel/1575241186831581