20
November
2025
Салауатты өмір салты – өз қолымызда!
20.11.2025 жылы №34 орта мектебінде оқушылардың денсаулық мәдениетін арттыру мақсатында ЖОПДО маманы Османова Айдана Абдыкапаровна «Темекі туралы барлық шындық» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Кездесу барысында темекінің ағзаға зияны, жасөспірімдер денсаулығына тигізетін кері әсерлері, никотинге тәуелділіктің алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Оқушылар зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын тереңірек түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталанды.
Мектебімізде балалардың саналы таңдау жасап, денсаулықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады! 

