12
December
2022
Хабарландыру!
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" Education Department of Kerbulak district білім беру ұйымы педагогінің бос лауазымдарына тағайындау конкурсын жариялайды.
1. Орналасқан жері: 080005 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Солнечный, 2 Contacts телефоны:54-64-16, school_34@mail.kz
2. Лауазымдар атауы: 1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері 1 жүктеме,тұрақты
Лауазымдық жалақысы: 110000 теңге (еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты).
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері
10. Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;
балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;
оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;
топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;
оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;
тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;
оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;
тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;
педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
11. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.
12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылMayды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;
және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;
педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.
13. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
МДҰ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы керек: үлгілік оқу жоспарының, үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білуі, балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
жылдық жоспарды әзірлеу және МДҰ-да әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
балалардың біліктері мен дағдыларының даму сапасына мониторинг жүргізу;
білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастыру; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек, сондай-ақ:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
жылдық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру, семинарлар, конференциялар дайындау және өткізу;
педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:
жылдық жоспар және циклограммалар жасау;
білім беру процесін ұйымдастыруды талдау;
тәрбиешілердің аудандық, қалалық кәсіби конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
әдістемелік бірлестіктердің, педагогикалық кеңестердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру;
педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
аудан/қала деңгейінде ұйым педагогтерінің жеке және тәжірибелерін қорыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
педагогтердің зерттеу құзыреттілігін дамыту;
педагогтердің қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде әдістемелік жұмыс тәжірибесін ұсыну;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыру;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:
республикалық және халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен конференциялар қызметіне қатысу;
оқу бағдарламаларын, оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеу;
тәрбиешілердің облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті қолдану және педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын анықтау;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (бұдан әрі – РОӘК) мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14 -23желтоқсан 2022 жылы аралығы.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының" 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы # ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8,наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
10) " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының" 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ( біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынуға құқылы.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Солнечный, 2мекен жайында орналасқан №34орта мектебінің 1 қабаты, №1 бөлмесінде қабылданады. Contacts телефондары: 87262546416
Электронды адресс:school 34_taraz@mail.kz
Үміткерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау комиссия отырысы 2022 жылғы 26желтоқсан күні сағат 10.00-де,әдістемелік кабинетінде өтеді.