1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Достық» үйінде оқушылардың ұйымдастыруымен «Балалар біздің болашағымыз» атты «BALA FEST» іс-шарасы өткізілді. Ашық аспан астында, бейбіт өмірде, сыңғырлаған сәбилердің күлкісі үзілмесін! Балаларды қорғау күні құтты болсын! Іс-шара соңында "Достық" үйінің ұйымдастыруымен балаларға балмұздақтар мен тәттілер таратылды.