2025 жылғы 12 маусым күні мектеп жанындағы жазғы «Достық» лагерінің 8–15-отрядтары «Табиғат тіл қатқанда...» тақырыбындағы туған өлкеге саяхат аясында Тараз қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы саябаққа барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға туған өлкенің табиғи байлықтарын, көрікті жерлерін таныту, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді насихаттау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбиеленушілер саябақтың тынысымен танысып, табиғаттың сұлулығын тамашалап, табиғат аясында түрлі танымдық ойындар ойнады.
Саяхат барысында балалар тек демалып қана қойMay, туған өлкенің тарихы мен табиғатына деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, ұжымдық серуен оларды достыққа, бір-біріне деген құрметке, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулыды.