
2025 жылдың 11 маусым күні мектеп жанындағы «Достық» жазғы лагері аясында «EcoBattle» атты эко-фото көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге 8–10-отрядтар белсене қатысты.
Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және экологиялық сананы қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, оның сұлулығын сақтау тақырыптарында қолмен сурет салып, өз жұмыстарын көрмеге ұсынды.

Көрмеге ұсынылған жұмыстар шығармашылық идеяларға, эстетикалық талғам мен мазмұн тереңдігіне толы болды. Шара барысында оқушылар бір-бірінің жұмыстарымен танысып, табиғатқа жанашыр болудың маңызын түсінді.

«EcoBattle» эко-сурет көрмесі балалардың экологиялық мәдениетін арттырып, шығармашылық әлеуеттерін ашуға мүмкіндік берді. Іс-шара өте әсерлі өтті және лагерь қатысушылары үшін мәнді де мағыналы күн болды. Көрме нәтижесінде ең үздік деп танылған жұмыстар ерекше атап өтіліп, авторлары алғыс хаттармен марапатталды.