18
November
2025
ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ
Қараша айында Әкелер кеңесінің жоспары аясында «Әкеммен бір күн: бірге өткізген уақыт – құқықбұзушылыққа тосқауыл» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту, бірлескен уақыттың тәрбиелік мәнін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Оқушылар мен әкелер түрлі форматта – эссе, фото-баян түрінде өздерінің бірге өткізген көңілді әрі мағыналы күндерін бөлісті. Бұл жұмыстарда отбасылық құндылықтар, өзара сыйластық, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі кеңінен көрініс тапты.
Әкелер тарапынан көрсетілген белсенділік, балалардың шынайы эмоциялары мен жылы естеліктері іс-шараның маңыздылығын айқындай түсті.
Іс-шараға 4 "Г" сыныбы белсене қатысты
Бірге өткізілген әрбір минут – болашаққа берілген үлкен тәрбие.
https://www.facebook.com/share/v/17TnB5iMUr/
https://www.facebook.com/share/r/1Bmff44ewo/