«Республикам – мақтанышым» мерекелік іс-шарасы » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7262) 54-63-34
Version for
visually impaired
» » «Республикам – мақтанышым» мерекелік іс-шарасы
26
October
2025

«Республикам – мақтанышым» мерекелік іс-шарасы

🇰🇿«Республикам – мақтанышым» атты мерекелік іс-шара – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жетістіктерін, ұлттық құндылықтарын, ел бірлігін және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын дәріптеуге арналған мәні терең, мазмұны бай мәдени шара. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылар мен жастардың бойында өз Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, елінің тарихын, мәдениетін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
🇰🇿Іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен даму жолы туралы көріністер қойылып, патриоттық әндер мен өлеңдер шырқалды. 🇰🇿Сонымен қатар, еліміздің айбынды Туы, еңселі Елтаңбасы мен асқақ Әнұранының мәні мен маңызы туралы мазмұнды баяндаулар мен көркем композициялар ұсынылады. 
🇰🇿Оқушылар ел тарихынан сыр шертетін сахналық көріністер, би және театрландырылған қойылымдар арқылы өз елінің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, болашағына сеніммен қарайды.
🇰🇿«Республикам – мақтанышым» мерекесі – тек мерекелік бағдарлама емес, бұл – елін сүйген жас ұрпақтың жүрек лүпілі, рухани жаңғыруға жол ашатын тағылымды тәрбие сағаты. 
🇰🇿Шараның мазмұны ұлттық рухты көтеріп, елдік сананы қалыптастыруға бағытталған. Ол әрбір оқушыға өз елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірінің қадірін сезіндіреді, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосуға ынталандырады.
Мерекелік іс-шара  ел бірлігін, достық пен татулықты дәріптейтін оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін білдіреді.

https://www.facebook.com/reel/1905611747048265
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив