
Өткізілген күні: 2025 жылғы 19 қыркүйек

Өткізілген орны: Тараз қаласы №34 орта мектебі

Бүгін мектебімізде оқушылармен қоғам қайраткерлері мен сала мамандарының қатысуымен өзекті тақырыптарды қамтыған кездесу өтті.

Кездесу барысында жастар тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, рухани-адамгершілік құндылықтар мен психологиялық қолдау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар:
• Ұ.С. Сламбекова – Тараз қаласы әкімінің орынбасары
• Б.Ж. Жақсыбеков – Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
• Ж.Т. Сагилаева – №6 қалалық емхананың психологы
• Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, сынып жетекшілер және 8–11 сынып оқушылары

Сөз алғандар:

Ұ.С. Сламбекова жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталып, оқушыларды заңға бағынуға, адамгершілікке, жауапкершілікке шақырды.

Мектеп директоры С.Б. Ботамкулова тәрбиенің бастауында отбасы мен мектептің бірлігін атап өтіп, патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баса назар аудару керектігін айтты.

Б.Ж. Жақсыбеков оқушыларды ата дәстүрін құрметтеуге, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға үндеді.

Ж.Т. Сагилаева жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық қысым мен буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіріп, оқушылармен ашық қарым-қатынас орнату қажеттігін айтты.



