
«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында 8 сыныптар арасында оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету, сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру мақсатында «Салт-дәстүр білгірі» сайысы ұйымдастырылды.
Сайыста 1- «Жалын» тобы, 2 – «Мирас» тобы болып білім додасына түсті.

Сайыс 4 кезеңде жүргізілді: «Салт-дәстүрлерді білесіз бе?», «Атадан қалған асыл сөз», «Сандар саны», «Мақал-сөздің мәйегі».

4 кезең бойынша алға оза шапқан «Мирас» тобы жеңіске жетті.



