
Ауған соғысы – жүректе жазылMayтын, тарихта орын алатын ерекше беттер, оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасы. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері.

Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның салқын сызы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.



