Activity » Страница 60 » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7262) 54-63-34
Version for
visually impaired
"АРДАГЕР ҰСТАЗДАР — АСЫЛ ЖАНДАР"  Ақ жүрекпен сезіп "Ұстаз бақытын",  Баршаға арнап өткен барлық ғұмыры. Сіздерге арнаймыз тілектің ең жақұтын,  Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
02
October
2021
"АРДАГЕР ҰСТАЗДАР — АСЫЛ ЖАНДАР" Ақ жүрекпен сезіп "Ұстаз бақытын",
Мектеп ұжымы жүрек жылуын, мейірім шуағын сыйлаған ардагер ұстаздарды төл мерекемен құттықтап қайтты.  Бауыржан Момышұлы  "Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет". Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген. Біз асыл жандар — ардагер ұстаздарымызды сыйлаймыз, құрметтейміз, мақтан тұтамыз. Атқарған еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
9- сынып оқушыларына   медбикелер: Керимбаева Нуржамал Абдыхановна «Шылым шегу-ағзаға зиян» тақырыбында, Маюфи Зарина «О вреде курения для школьников и подростков» тақырыбында  баяндамалар оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
23
September
2021
9- сынып оқушыларына медбикелер: Керимбаева Нуржамал Абдыхановна
Есірткінің, снюс, спирттік ішімдіктердің, темекі өнімдерінің зияны туралы ақпараттық профилактикалық шараларды ұйымдастыру арқылы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  қыркүйек айының 01-30 күндері аралығында  ұйымдастырылған  «Есірткіге қарсы күрес» акциясының жоспарына сәйкес  2021 жыл 15 қыркүйек күні.          
Еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup day 2021 / «Birge – taza Qazaqstan» жаһандық әлемдік экологиялық акциясы өткізілуде.
18
September
2021
Еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup day 2021 / «Birge – taza
 Осы акцияға №34 орта мектеп те белсене қатысып, өз аумағында сенбілік акциясын ұйымдастырды. Сенбілік акция барысында сынып оқушылары мектеп аумағын тазалады.
«Отбасы – тәрбиенің тірегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы онлайн түрде өткізілді.
18
September
2021
«Отбасы – тәрбиенің тірегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар
  Жиналыста мектеп директоры Нуралиева Динара Хатамовна 5 сұрақ бойынша сөз сөйледі. 1. ҚР The presidentі Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауды түсіндіру жұмыстары. 2. Жаңа оқу жылына дайындық. Government services (тегін тамақ, ыстық тамақ). 3. Вакцинация 4. Мектептің ішкі тәртіп ережелері 5. Әр түрлі мәселелер.
«Парасатты отбасы» онлайн байқауы белсенді өткізілді.
17
September
2021
«Парасатты отбасы» онлайн байқауы белсенді өткізілді.
 «Парасатты отбасы» онлайн байқауы белсенді өткізілді. Байқаудың мақсаты: парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауй жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту. Байқау үміткерлері өз отбасылары, отбасы құндылықтары жайында видеороликтер дайындады. Байқау  барысында қазылар алқасы үміткерлердің жұмыстарын саралап, қорытындысын шығарды. І орын Абамовтар отбасы ІІ орын Құдайбергеновтар және
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл  толуына орай «Жамбыл Жабаев – Ұлы елінің жыршысы» тақырыбына сынып сағаттары ұйымдастырылды.
14
September
2021
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл
Қазақта « Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған «Бәйтерегіміз» де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті «Жүз жасаған бәйтерек» атты атауға ие болған қазақтың жалғыз ғана Жамбыл Жабаевы екен.