"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
16
январь
2025

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1.Директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары (1 жүктеме ). Уақытша.
Лауазымдық міндеттері:
жаңа бағыттағы жаңа тәрбие жостарын құру; 
3.2. тәрбие жұмысын белгіленген мақсатқа сәйкес жоспарлау, ұйымдастыру, тексеру, түзету. Тәрбие жоспарында белгіленген іс-шаралардың өткізілуін қадағалау;
3.3  тәрбие айлықтарының өтілуіне бағыт беру;
3.4 сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек беру;
3.5  тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығын пайдалану, тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, сынып жетекшілерімен семинар-тренингтер өткізу;
3.6  тәрбие бірлестіктері жұмысына басшылық жасау; 
3.7  оқушылардың   денсаулығын, мүддесі мен құқықтарын қорғау; 
3.8. оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау;
3.9.  оқушылардың сырт көрінісін, сабақтан кешікпеулерін қадағалау;
3.10  тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ата-аналарға, белсенді оқушылар тобына әдістемелік көмек көрсету;
3.11. ата-аналармен жұмысты өз дәрежесінде ұйымдастыру (жалпымектептік ата-аналар жиналыстары, сынып жетекшілері тарапынан өткізілетін ата-аналар жиналыстары);
3.12  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Дебат» қозғалысы», Оқуға құштар мектебі», «Отбасы мектеп», «Дәстүр мен ғұрып»,  «Еңбек елдің мұраты», «Үнем, қоғам қуаты», «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет», «Қоғамға қызмет», «Музей сабақтары», «Театр сабақтары» жобаларды іске асыру 
3.13  мектеп үйірмелерінің жұмысы мен нәтижесін талдау;
3.14  сынып сағатына қатысу арқылы тәрбие жұмысының жағдайын қорытындылап отыру; 
3.15 тәрбие жұмысының сапасына сараптама жасау;
3.16  мектепті көркейту мақсатында көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау;  
3.17  мектептің мәжіліс залын кеңестерге, іс-шараларға дайындығын ұйымдастыру, безендірілуін қадағалау; 
3.18  мектепте кезекшілікті ұйымдастыру;
3.19  Мемлекеттік Рәміздер туралы Заңының, Тіл туралы Заңының (сыныптан тыс іс-шаралар, мектеп стендтерінің безендірілуі).
 3.20  оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына жетекшілік жасау;
3.21 мұражайларға, театрларға, көрнекі жерлерге саяхатты ұйымдастыру;
3.22  мектеп алдындағы жазғы сауықтыру лагерінің жұмысын ұйымдастыру;
3.23  тәлімгерлердің, кітапханашының жұмысына жетекшілік жасау;
3.24  Қыз жібек клубының жұмысын ұйымдастырып жүргізу
3.25  қамқоршылық кенестің жұмысын қадағалау
3.26  Бақылау жасайтын пәндері: қазақ тілі, музыка, үйірме сабақтары, сынып сағаттары.
3.27 Ата-аналарды педагогикалык колдау бағдарламасын іске асыру кызметін реттейтін ішкі құжаттарды дайындайды және Бағдарламаны іске асыру кызметін ұйымдастырады;
3.28  Педагогтердің Бағдарлама бойынша сабак өткізуге дайындығын жүзеге асырады;
3.29  Педагогтер арасында білім беру курсының сабақтарын реттейді; «Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастырады;
3.30 Сабактардың кестесін құрады және реттейді;
3.31 Мониторингтік зерттеулерге педагогтер, ата-аналар мен балалардың қатысуын қамтамасыз етеді; 
3.32 Бағдарламаны іске асыру қызметін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттайды;
3.33 Бағдарламаны іске асыру кызметі туралы ақпараттарды қалалық (аудандык) білім бөлімдеріне дайындайды;
3 34 Бағдарламаны іске асыру аясында ата-аналарға білім алуға мотивация беру мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналармен өзара іс- қимыл жасайды.
3.35 Ата-аналарға арналған курстарды өткізу үшін педагогтерді оқытуды ұйымдастырады.
3.36 Бағдарлама бойынша сабактар өткізу үшін тренингтер, work-shop, коучинг сессияларын және басқа да нысандарды өткізуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетеді.
3.37 білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
 3.38 білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті,  адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
3.39 білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
 3.40  педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
 3.41  білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
      4.Құқықтары
Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:
4.1. тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті  түрде  орындалуға тиісті  өкімдер       беруге, оқушыларымен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға;
4.2. оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек  тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4.3. қажет болған жағдайда оқу сабақтарының кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар  өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға. 
5. Жауапкершілігі
5.1 Жарғы және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының заңды бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықты белгіленген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін. Оқу-тәрбие жүйесінде оқушыға қарай бір рет болса да, күш жұмсап, психикалық зорлық көрсетіп немесе аморальдық әрекеттер жасаған жағдайларда директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында белгіленген ретпен жұмыстан босатылуы мүмкін. Осы әрекет үшін жұмыстан босатылуы тәртіптік жауапкершілік болып табылмайды.
5.2 Өрт қауіпсіздігі ережелерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық ережелер мен нормаларды сақтамағаны үшін, оқу-тәрбиелеу жүйесін бұзған жағдайларда директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
5.3 Өз лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамай, білім беру мекемесіндегі оқушыларға немесе мектепке айыпты әрекеттер жасап зиян келтіргені үшін Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары азаматтық  немесе еңбек заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Өзара қарым- қатынас және лауазымы бойынша байланыстар
Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
6.1 мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес нормаланбаған  жұмыс режимінде 1 апта 8:00 – 18:00 дейін   еңбек етеді, оқыту және тәрбие беру процесінің  сапасына бақылау жасайды, бақылауындағы пән сабақтарына  (оқу жылында 72 сағаттан кем емес) қатысады;
6.2 өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап дербес жоспарлайды, жұмыс жоспарын 5 күн ішінде  кешіктірмей мектеп директорына бекіттіреді;
6.2  әр оқу тоқсан аяғында 10 күн ішінде директорға жазба түрде есеп беріп тұрады;
6.3  директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады;
6.4  директорының оқу-тәрбие жүйесіне қатысты бұйрықтарына қол қояды;
6.5  мектеп әкімшілігі мен мектептің педагогикалық ұжымымен жүйелі түрде өз құзіретіне байланысты  ақпаратпен алмасып отырады ;
6.6  директордың, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының немесе балалар құқығын қорғау әлеуметтік инспекторының міндеттерін уақытша (демалыс, ауырған  т.с.с жағдайларда) атқарады.
Лауазымдық жалақысы:120000 мың тг.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы;
11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдығы - 720Х480;
Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным).
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Солнечный, 2 мекен жайында орналасқан №34 орта мектебінің 1 қабаты, №1 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 87262533734   
Электронды адрес: school34_taraz@mail.kz
Құжат қабылдау мерзімі: 2025 жылдың  16 қаңтар   - 2025 жыл   24 қаңтары аралығында жүргізіледі. 
          2025 жылдың 27 қаңтары  күні  педагогтерді жұмысқа қабылдау комиссиясының кезекті  қорытынды отырысы жүргізілсін
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив