🔵 ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ! » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔵 ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!
23
ноябрь
2025

🔵 ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

12.11.2025 жылы №34 орта мектебінде «Жасөспірімдердің қылмысқа тартылуы: себептері мен алдын алу шаралары» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шара «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында ұйымдастырылып, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
Кездесуге Жібек жолы әкімшілік аппаратының Ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а.
Сәкен Мырзабай Нұрмаханұлы, сондай-ақ №34 орта мектебінің ДҚТІЖО
Умбетбаева Зарина Әлиқызы қатысты.
Спикерлер ҚР Қылмыстық кодексінің зорлық-зомбылық, есірткі құралдарын тарату, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты негізгі баптарын түсіндіріп, жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерге тартудың салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылармен ашық пікірталас жүргізіліп, нақты өмірден мысалдар келтіріліп, қылмыстың алдын алу жолдары, қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы әрбір жасөспірімнің рөлі түсіндірілді.
Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды.
🔹 Қоғам қауіпсіздігі – әрбірімізден басталады!
🔹 Балаларымыздың болашағы үшін бірге жұмыс істейміз!
#Адал_азамат

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив