Тәрбие – тек мектептің ғана емес, тек отбасының ғана емес, екеуара сабақтастықты, өзара сенім мен сыйластықты қажет ететін ортақ жеміс.  » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие – тек мектептің ғана емес, тек отбасының ғана емес, екеуара сабақтастықты, өзара сенім мен сыйластықты қажет ететін ортақ жеміс. 
26
ноябрь
2025

Тәрбие – тек мектептің ғана емес, тек отбасының ғана емес, екеуара сабақтастықты, өзара сенім мен сыйластықты қажет ететін ортақ жеміс. 

Жаратылыста қандай да бір мықты құрылыс негізсіз тұрмайтыны сияқты, баланың болашағы да ата-ана мен мұғалімнің бірлескен еңбегіне сүйенеді.
🔰Қалалық ата-аналар форумы қабылдаған резолюцияға сәйкес, мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесі – отбасы мен мектептің ортақ міндеті» тақырыбында мектепішілік ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойында «Адал азамат – біртұтас тәрбие жемісі» қағидатын қалыптастыру арқылы мектеп пен отбасы арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты арттыру, тәрбиелік жұмыстың бірізділігін қамтамасыз ету болды. 
🔰Форумның мақсаты:
🌀Баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен әрекетінің маңызын түсіндіру.
🌀Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тиімді байланыс орнату.
🌀Баланың оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ортақ шешімдер қабылдау.
🌀Отбасындағы тәрбие мәдениетін арттыру, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру.
🌀Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың бір бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
🔰Форум барысында тәрбиенің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасып, тиімді тәжірибелер ұсынылды, ата-аналар мен педагогтер арасында ашық диалог орнап, ортақ мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Форум қорытындысында отбасылық тәрбиені нығайту, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушының тұлғалық даму ортасын қолдау бойынша нақты ұсыныстар айтылды. 
🌀Форумға мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар қауымы және арнайы шақырылған қонақтар қатысып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелері жан-жақты талқыланды.


https://www.facebook.com/share/v/1WuwA3RXPG/


Похожие публикации:

18 ноябрь 2025 ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив