08
август
2025
Құрметті ата-аналар!



Өз үлгіңізбен тәрбиелеңіз – Балалар ересектердің әрекетін қайталайды. Жол ережесін алдымен өзіңіз сақтаңыз.
Қауіпсіз маршрутты бірге анықтаңыз – Мектепке және үйге қайтар жолда қауіпсіз бағытты бірге жүріп, үйретіңіз.
Бағдаршам ережесін түсіндіріңіз – Жасыл жарық жанбайынша жолды кесіп өтпеуді балаға нақты түсіндіріңіз.
Жаяу жүргіншілер өткелін ғана пайдалануға дағдыландырыңыз.
Телефон қолданбауын ескертіңіз – Көшеде келе жатып, телефонға алаңдау – өте қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын киім мен элементтерді қолдануға дағдыландырыңыз.
Қоғамдық көлік маңында барынша абай болуды үйретіңіз.
Ауладан немесе көше қиылысынан шығарда тоқтап, жан-жағына қарау керектігін үйретіңіз.
Велосипед пен самокат тепкенде қорғаныс құралдарын (шлем, тізеқап, шынтаққап) міндетті түрде қолдануын қадағалаңыз.
Егер балаңызды көлікпен тасымалдасаңыз, қауіпсіздік белдігін тағып, арнайы балалар орындықтарын пайдаланыңыз.

Баланы қорғаудың ең тиімді жолы — алдын алу және жақсы үлгі көрсету.

