Күн тәртібінде:
1. ҰБТ-ге сыныптардың дайндығы мен тест қорытындысы бойынша есеп;
2. Мектеп бітіру мерекелік іс-шарасының ұйымдастырылуы барысында жемқорлыққа жол бермеу;
3. Мектеп түлектерінің қауіпсіздік шаралары, бітіру кештері мен серуендеулерге жол бермеу, ата-ананың жауапкершілігі:

Бірінші мәселе бойынша оқушылардың ҰБТ-ге дайындығы бойынша мектеп директоры сөз сөйледі. Мектеп тарапынан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылармен үнемі жұмыс жүргіліпі отырғандығы айтылды. Оқушыларға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, мамандығын дұрыс таңдауға бағдар беру туралы кеңестер берілді. ҰБТ-ге дайындық күшейтіліп, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалынып жатқандығы айтылды.

Екінші мәселе бойынша 25 мамыр соңғы қоңырау бойынша мектеп тарапынан іс-шара ұйымдастырылады. Іс-шараға қаражат жинау, сыйлық беру сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмеуін ескертті.

Үшінші мәселе бойынша бітіру кештері, қыдырулар мектеп тарапынан ұйымдстырылмайды. Мектеп уақытынан тыс баланың қауіпсіздігі баса назарда болуы қажет. Ата-ана оқушының қауіпсіздігіне жауап беретіндігі ескертілді.
Шешімі:
ҰБТ-ге дайындық жұмыстары күшейтілсін. Оқушыларға ата-ана және мектеп тарапынан қолдау көрсетілсін.
Заңсыз қаражат жинауға жол берілмесін.
Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда болсын.


