🔰 2024 жылдың қазан айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰 2024 жылдың қазан айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
02
декабрь
2024

🔰 2024 жылдың қазан айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары ұйымдастырылды.


1.«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында «Ақпараттық мәдениет дегеніміз не?»  тақырыбында әлеуметтік педагог А.И.Абдухамедов тарапыннан 7 сынып оқушыларына баяндама оқылды.  Баяндама барысында қауіпсіздік — бұл ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар мен тәсілдердің жиынтығы екендігі айтылды. Заманауи әлемде ақпарат — өте бағалы ресурс болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік тек мемлекеттік органдар мен ірі компаниялар үшін ғана емес, жеке тұлғалар үшін де аса маңызды екендігі айтылды.
2.«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында мектеп парламентінің мүшелері тарапынан тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың сақталуын қамтамасыз ету, вандализмге жол бермеу, анықтау мақсатында  рейд жұмыстарын ұйымдастырылды. Мектепке жақын аумақта ешқандай бүлінген нысандар анықталған жоқ.
3. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында  "Алкогольді ішімдік – бұл қасірет" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларына ЖОПД маманы Б.А.Таштемиров тарапынан дәріс өткізілді. 
4. «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында  «Тәрбиелі жастар-қауіпсіз қоғам» тақырыбында әңгіме-дәріс өткізілді. Қатысушылар 7-8-сынып оқушылары. Тақырып бойынша полиция қызметкерлері мен мектептің әлеуметтік педагогы дәріс өткізді.  Жастардың дұрыс тәрбие алуымен ғана елімізде қауіпсіз қоғам орнап, халықтың тыныштығы мен тұрақтылығы қамтамасыз ете алатындығымыз жөнінде айтылды.
5. «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Мейірімді болуды үйрен» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға дұрыс әрекет ету, қоғамды, достарыңды сыйлау мәселелері қаралды.
6. «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізіліп оқушыларға тың ақпараттар берілді. 
7. «Ұшқыр ой алаңы» жобсы аясында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар белсенділік таныта отырып тақырыбып бойынша өз ойларын жеткізуге тырысты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив