02
май
2025
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде педагог- шеберлерге ҚР Оқу ағарту министірінің тапсырмасын орындау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесуде Балжан Қалданқызы ханыммен Сейфулла Смайлов мырза Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Әр пән бойынша оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді, оқу жүктемесін, білім беру деңгейлеріндегі мазмұнды нақтылай отырып, білім беру ұйымдары үшін ортақ талаптарды түсіндірді.Оқу мазмұны мен құндылықтардың сабақтасытығы жайлы да тоқталып өтті. 2025-2026 оқу жылында бастауыш және негізгі орта білім берудің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациядан өтетіндігі жайлы айтылды. Бұл стандартта оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге, инклюзивті білім беруге және білім беру нәтижелерінің тиімділігін бағалауға баса назар аударуылатыныны жайлы ақпарат берілді...