
Жиналыста келесі өзекті қауіпсіздік бағыттары қамтылды:

Терезеден құлау оқиғаларының алдын алу

Судағы қауіпсіздік

Өрт қауіпсіздігі

Жиналыс барысында мектептің ДҚТІЖО З.Ә. Умбетбаева ата-аналар мен оқушыларға жаз мезгілінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелер:

Кәмелетке толмаған оқушылардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз көшеде жүруіне тыйым салынатыны және бұл бағытта рейдтік шаралар жүргізілетіні айтылды.

Жазғы демалыс кезінде:

Балалардың ойын-сауық орындарына өз бетінше бармауы

Үйден тыс жерде бақылаусыз жүрмеуі

Су айдындарында (бассейн, өзен, көл және т.б.) ата-ананың қарауынсыз шомылмауы

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – басты назарда болуы тиіс.

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігі – барлығымыздың ортақ міндетіміз екенін ұмытпайық! Күн жылынып, демалыс маусымы басталған шақта қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлу қажет екендігін ескертеміз!
