
Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімін тереңдету, тарихи-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Іс-шара 4 кезеңнен ұымдастырылды. Әр кезең оқушылардың логикалық, тарихи, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Бірінші кезеңде – «Символды тап!» деп аталған ойында оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты сипаттамалар мен жұмбақтар беріліп, олардың қай рәмізге қатысты екенін анықтау тапсырылды.

Екінші кезең – «Ақиқат пен жалған» (Fact VS Fake) форматында өтті. Әр топқа рәміздерге, тарихқа қатысты 10 мәлімдемеден оқылды. Топтар бұл ақпараттың рас немесе жалған екенін анықтап, «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деген белгілер арқылы жауап берді.

Үшінші кезең – «Тарихи Музыкалық Викторина». Бұл бөлімде ұлттық музыкалық шығармалар мен күйлер ойнатылып, оқушылар олардың қандай тарихи тұлғаға немесе оқиғаға байланысты екенін анықтады.

Төртінші кезең – «Туымның жаңа бейнесі» деп аталды. Бұл шығармашылық бөлімде оқушылар өз қиялдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жаңа үлгіде бейнелеп, PowerPoint таныстырылымы арқылы өз идеяларын қорғады. Бұл бөлімде топтардың креативтілігі, ой тереңдігі, ұлттық нақышты сақтау қабілеті бағаланды.

Нәтижесінде Қыран отряды жеңіске жетті. Іс-шара өте әсерлі, мазмұнды және қызықты форматта өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін сәтті көрсетті. Шара соңында жеңімпаз топтар мадақталып, қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. (04.06.2025.)
https://www.facebook.com/share/v/1FsPYpgZWs/