
Құндылық: Әділдік және жауапкершілік

Индикатор:
-басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың өажеттілігі мен маңыздылығын түсіну;
- бастаған ісін соңына дейін жеткізу.

Ақшаның қадірін білу, ақшаны үнемдеп, орнымен жұмсауға дағдылану, тиімді шешім қабылдауға үйрену мақсатында 1«Ә», 4 «Ә» сыныптарында «Ақшаны дұрыс жұмсау керек» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушылар топпен жұмыс, сатып алу ережесі тапсырмаларын орындап, «Досыңа ақшаны қалай дұрыс жұмсауға кеңес берер едің?» атты шағын көріністер арқылы ақшаның маңыздылығын түсінді, теңгеге байланысты мақал – мәтелдер айтылды, «Ақшаны үнемдеудің пайдасы» туралы ережелерді білді.
Сынып жетекшілер:Ф.К.Темірбаева, А.И.Садикова



