Менің атым әліппе
Мені аққудай дәріпте,
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлікте,
Өсті міне, бойларың,
Өсті міне, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсың тойларың!

«Әліппе» - барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – әліппе.

Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту,
тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 1«А», 1«Ә» сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында Отан, туған жер, Қазақстан, білім, ұстаз жайлы тақпақтар оқылып, әндер шырқалды. 1«Ә» сыныбында қыздар тобы «Тазалық» атты әнге, ұлдар «Батырлар» әніне би билеп, «Анашым» атты әнге оқушылар вальс биледі. «Не жақсы, не жаман» тақырыбында тәрбиелік мәні бар тақпақтар айтылды.

1«А» сыныбында «Атасы мен немересі» атты атасының немересіне айтқан мағынасы мен тағылым мол тәрбиелік үлгісі орын алған көрініс қойылды. «Отаным» әніне хор орындалып, оқушылар «Әліппе» оқулығын құрметпен шақырып, арнайы өлеңдерін оқыды.

Сыныптарда «Қош бол, Әліппе!» хоры орындалып, кеш барысын «Отан» әнімен аяқтады. Сынып жетекшілер: Аштаева К.К., Садикова А.И.

