"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
17
январь
2025

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №34ОРТА МЕКТЕБІ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


1.Директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары (1 жүктеме ). Тұрақты.
Лауазымдық міндеттері:
3.1. ғылыми-әдістемелік кеңес қызметі жұмыстарына басшылық жасап, мектептегі әдістемелік жұмыс бойынша мұғалімдерге көмек көрсетеді; 
3.2.оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығын пайдалану, оқу-тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, семинар-тренинг өткізу;
3.3 мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы оқу әдістемелік жұмысының жүргізілуін байқап, қадағалау, қорытындылау, әдістемелік көмек беру;
3.4 озат тәжірибе мектебі жұмысын жүргізу;
3.5 жас мамандармен жұмыс жүргізу;
3.6 «Мұрагер» ғылыми орталығымен (дарынды балалармен) жұмыс; 
3.7 мектепшілік олимпиада ұйымдастыру, қалалық олимпиадаға дайындық жұмыстарын  қадағалау; 
      3.8.  педагогтарды аттестаттау мемлекеттік қызметке жауапты, педагогикалық кадрлардың аттестациясы (біліктілік санаттарын көтеру және қайта растау жұмыстары);
3.9. мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстары (курстар); мұғалімдердің байқауларға қатысуын қамтамасыз етіп бағдар беру; LS зерттеу тобының жұмысты қадағалау.
3.10  пәндер айлықтарын, онкүндіктерін, апталықтарын өткізу, жұмысын бақылау;
3.11 оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;
3.12 Білім туралы Заңның орындалуын (педкеңестер, олимпиадалар) қадағалау;
3.13  инновациялық жұмыстарға басшылық жасау; «Дарын» онлайн платформасын қадағалау,ҰБДҚ толтыру(педұжым) толтыру;
3.14 оқушылардың білім сапасы есебін жүйелі жүргізу, оқушылардың пән бойынша білім сапасына мониторингтік талдау жүргізу;
3.15  үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмысты қадағалау;  
3.16 мектепшілік бақылау жоспарының орындалуын қадағалау (педагогикалық кеңес, кіші педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес);
3.17  РІSА, PIRLS  жұмысына басшылық жасау;
3.18  білім олқылықтарының орнын толтыру жұмысын жүргізілуін қадағалап ,жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.
3.19  Бақылау жасайтын пәндері: информатика, математика, физика, химия, биология 
4. Құқықтары
 Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:
4.1. тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті  түрде  орындалуға тиісті  өкімдер       беруге, оқушыларымен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға;
4.2. оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек  тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4.3. қажет болған жағдайда оқу сабақтарының кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар  өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға. 
6. Жауапкершілігі
5.3 Жарғы және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының заңды бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықты белгіленген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін. 
5.4 Оқу-тәрбие жүйесінде оқушыға қарай бір рет болса да, күш жұмсап, психикалық зорлық көрсетіп немесе аморальдық әрекеттер жасаған жағдайларда директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында белгіленген ретпен жұмыстан босатылуы мүмкін. Осы әрекет үшін жұмыстан босатылуы тәртіптік жауапкершілік болып табылады.
5.3 Өрт қауіпсіздігі ережелерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық ережелер мен нормаларды сақтамағаны үшін, оқу-тәрбиелеу жүйесін бұзған жағдайларда директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
5.4 Өз лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамай, білім беру мекемесіндегі оқушыларға немесе мектепке айыпты әрекеттер жасап зиян келтіргені үшін Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары азаматтық  немесе еңбек заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.
7. Өзара қарым- қатынас және лауазымы бойынша байланыстар
Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
6.8  мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес нормаланбаған  жұмыс режимінде 9:00 – 18:00 дейін  еңбек етеді, оқыту және тәрбие беру процесінің  сапасына бақылау жасайды, бақылауындағы пән сабақтарына  (оқу жылында 72 сағаттан кем емес) қатысады;
6.9  өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап дербес жоспарлайды, жұмыс жоспарын 5  күн ішінде  кешіктірмей мектеп директорына бекіттіреді;
6.10  әр оқу тоқсан аяғында 10 күн ішінде директорға жазба түрде есеп беріп тұрады;
6.11  директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады;
6.12  директорының оқу-тәрбие жүйесіне қатысты бұйрықтарына қол қояды;
6.13  мектеп әкімшілігі мен мектептің педагогикалық ұжымымен жүйелі түрде өз құзіретіне байланысты  ақпаратпен алмасып отырады ;
6.14  директордың, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының немесе балалар құқығын қорғау әлеуметтік инспекторының міндеттерін уақытша ( демалыс, ауырған т с.с жағдайларда) атқарады.
Лауазымдық жалақысы:150000 мың тг.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы;
11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдығы - 720Х480;
Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным).
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Солнечный, 2 мекен жайында орналасқан №34 орта мектебінің 1 қабаты, №1 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 87262533734   
Электронды адрес: school34_taraz@mail.kz
Құжат қабылдау мерзімі: 2025 жылдың  16 қаңтар   - 2025 жыл   24 қаңтары аралығында жүргізіледі. 
          2025 жылдың 27 қаңтары  күні  педагогтерді жұмысқа қабылдау комиссиясының кезекті  қорытынды отырысы жүргізілсін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив