Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова №101 «Келешек мектебіне» барды » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова №101 «Келешек мектебіне» барды
19
июнь
2026

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова №101 «Келешек мектебіне» барды

https://www.instagram.com/p/DZog6CYiHXZ/?igsh=MW83amNvb3JsN3picg%3D%3D

👥Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сеңғазыев қатысты.

🏫Сапар барысында қонақтар мектептің білім беру ортасымен танысып, AI Interactive Smart Classroom инновациялық кабинетінің жұмысын көрді, сондай-ақ оқушылардың жасанды интеллект пен экология бағытындағы жобаларын тамашалады. Оқушылар заманауи цифрлық технологиялар мен AI құралдарын пайдалана отырып әзірленген өз жобаларын таныстырды.

🌐Сапар аясында «Жасанды интеллект және жаңа буын» тақырыбында «Министр сабағы» өтті. Ашық диалог барысында оқушылармен жасанды интеллекттің даму перспективалары, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері және жастардың еліміздің инновациялық болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

🔹Кездесу барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту және педагогтердің заманауи білім беру құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив