“Үздік жаттықтырушысы” Астана құрамасын жаттықтырады  » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Үздік жаттықтырушысы” Астана құрамасын жаттықтырады 
06
май
2026

“Үздік жаттықтырушысы” Астана құрамасын жаттықтырады 

https://www.facebook.com/share/p/1Kt6hSQWKQ/

https://www.instagram.com/p/DXZCBlujDHo/?igsh=bGNsN2V0bWZqNjNk


🏫Елордалық оқушылар Келешек мектептері арасында футзалдан өткен республикалық турнирде 20 команданың ішінде топ жарып, чемпион атанды. Астана құрамасы жарыс барысында сенімді ойын өрнегін көрсетті. Іріктеу кезеңінде Астана командасы Ұлытау, Павлодар және Шымкент командаларын ұтып, плей-оффқа жолдама алды. Ширек финалда Қарағанды облысын 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Батыс Қазақстан құрамасын 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Финалда Қызылорда командасын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды.

🗺️Сайыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы базасында ұйымдастырылып, еліміздің 20 өңірінен келген жасөспірім спортшылардың басын қосты. Турнир мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас таланттарды анықтауға бағытталды.

👦🏻Елорда намысын №117 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары қорғады. Команда капитаны Тілеміс Ерсін бастаған жас футзалшылар қатарында Пернебай Нұрасыл, Каир Диас, Тұрбек Нұрасыл, Данабек Алинұр, Джамалиев Мадияр, Еркен Ислам, Толпаков Алан, Мырзабек Сағади, Талғат Нұрасыл, Давлет Әшім және Райхан Жангер бар.

№117 мектеп өз жұмысын 2025 жылдың қыркүйек айында бастағанына қарамастан, қысқа мерзімде спорттық бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Мектептегі футбол үйірмесіне қатысатын оқушылар жүйелі түрде жаттығып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындар иеленуде.

Команданы жаттықтырып отырған бас бапкер Мұратов Нұрымхан Ғабиденұлы – жас маман болғанымен, нәтижелі жұмысымен көзге түсіп келеді. Ол бұған дейін 4 жыл колледжде қызмет атқарып, педагогикалық тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша мұғалімдер арасында өткен футзал жарыстарында екі мәрте қола жүлдегер атанған. 2023 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының мұғалімдер арасындағы чемпионатта елорда құрамасы сапында өнер көрсеткен.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив